«Бұл кітап оның ұлы қызметі мен ол басшылық ететін, үлкен қауымының себебін түсіндіреді... бұл Киелі жазбаны мұқият зерттеу... Киелі кітапты терең түсінетін, адам жазған... Бұл тек жаратылыстың пайда болуына немесе Жаратылыстың басталуы кітабына ғана қатысты, еңбек емес... Қадірменді Пак түп аталардың шежіресіндегі тарихи құтқарылу мен құн өтеудің ұлы негізін ашып көрсетеді... Бұл көзқарас патриархтарды түптек ретінде, тек олардың өмір тарихы тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге олардың біздің тарихымыздағы қазіргі ұрпақпен байланыстырып қарастыруға оқырмандарына мүмкіндік береді. Киелі кітапты «менің тарихыма» айналдыру, аталған кітаптың үздік жетістігі болып табылады».
Доктор Кюнг-Бэ Мин, Тх. Д.
Йонсей Университетінің Құрметті Профессоры, Сеул
«Киелі кітаптың рухани құпияларын молынан ашып көрсетеді... Қадірменді Пак, бәлкім, шынында да тілдің сиқыршысы, Құдайдың тыныштығы сиректеп кеткен, осы аласапыран уақытта бізге оны Жаратқанның Өзі жіберді... Ол кеңінен талқыланатын сұрақтарды, тіпті теологтарға оңайға соқпайтын, сұрақтарды кеңінен қозғайды... бұл тамаша әрі ұлы жетістік... Мен «Жаратылыстың басталуындағы шежірелер» кітабын дүние жүзіндегі барлық қауымдарға қуана-қуана ұсынамын, өйткені ол мәсіхшілердің тек рухани ұмтылыстарын қанағаттандырып қоймай, сондай-ақ, сенімде жетілген өмірді қалайтындар үшін мүлтіксіз қажеттілік болып табылады».
Доктор Эндрю Дж. Тесиа, Ф. Д.
Реформациялық теология ғылыми-зерттеу институтының Президенті, Лос-Анджелес
«Осы күнге дейін бірде-бір құдайтану маманы немесе қызметшісі, Иса Мәсіхтің шежіресіндегі, Құдайдың құн өтеу жоспарының көне өсиеттегі тарихын зерттеуге батылы жетпеді».
Доктор Ён-Су Е
«Қауымдар мен қызметтердің халықаралық кеңесінің» Президенті
«Оның құдайтану ілімі, қарапайым тілмен айтқанда, келісімдер мен құн өтеуге негізделіп құрылған. Киелі кітап – бұл келісімдер кітабы, олар Жаратылыс 3:15 Адам мен Хауа күнәға батқаннан кейін берілген, әйелдің ұрпағы туралы уәдеден басталып, Иса Мәсіхтің жаңа өсиетті орындауымен аяқталады. Автор Иса Мәсіхтің шежіресі арқылы бұны әбден анық түсіндіреді».
Епископ Кван-Янг Чан
«Корей методист қауымының епископтар Ассоциациясының» Экс-президенті
«Күні бүгінге дейін мен өз басым 40 астам кітап жаздым. Менен гөрі, осы кітаптың
авторы мүлде өзге деңгейде екендігін аңғардым. Менің еңбектерім – бар болғаны
ғылыми зерттеу, ал бұл кітапта автордың жазғандары – бұл бүкіл Киелі кітапты
бойлап өтетін, терең рухани зерттеу. «Құн өтеу тарихы» кітаптар топтамасы – Киелі
кітапты терең түсінбесе бұл кітапты түсіну мүмкін емес еңбек. Исаның шежіресінің кейбір бөліктерін,
автор ашқандай, терең ашып көрсету – бұл күні бүгінге дейін не бір ғалымның, не
бір құдайтану маманының қолынан келетін іс емес. Осы кітапта автор сенім жолын
нақты сызып көрсетеді, осы дүние, қауым және ғылыми орта осы сенім жолымен жүруге тиіс. Бұл кітап – қазіргі уақытта рухани ашаршылық жағдайындағы Корей қауымына төгілген, жарылқаудың рақым жаңбыры іспетті деп сенемін».
Доктор Енг-Кук Вон
Аньян Университетінің Құрметті профессоры, Корей қоғамының киелкітаптық археология кеңесшісі
«Доктор Абрааам Пактің «Құдайдың құтқару тарихы» атты топтамаларға
сіңірген өмірлік еңбегі – оның реформаторлық сенімінің жемісі. Реформат
бағушының келісім теологиясына бағышталуынан артық мәртебе жоқ. Осы
бір ғана тақырыптың өзі Киелі жазбаның теңдесіз беделін, Құдайдың Өз
келісіміне сай құтқару жоспарын іске асыру үшін бүкіл тарихты қалай Өз
құдіретімен бағыттағанын, сондай-ақ пәк қыздың Ұрпағы ретінде келген
Иса Мәсіхтің жалғыз Құтқарушы екенін паш етеді. Доктор Пактің өмірі
мен қызметі оның басты және шешуші реформаторлық әрі конфессиялық
теологияға бағышталғандығын көрсетеді. «Оның өмірлік еңбегі Жаратқан
Иеміздің келісімге адалдығының шежіресін баяндайды».
Доктор Уоррен Гейдж
Нокс теологиялық семинариясының қадірменді профессоры